AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jusan Bank қазақстандық маркетологтардың басын қосты

28 шілдеде Jusan Bank елімізде алғаш рет ең ірі қазақстандық ұйымдардың жарнама қызметкерлерін бір ортаға жинады. Іс-шара барысында сала сарапшылары түйіткілді сұрақтарды талқылап, отандық жарнаманы дамытудың жолдарын сарапқа салды. 

Қазақстанның ең беделді компанияларының жарнамасына жауапты мамандар отандық маркетингтің бүгіні мен ертеңі жайлы ойларымен бөлісті. 50-ден аса сарапшының басын қосқан шараның басты мақсаты – отандық маркетингтің алға аяқ басуына сеп болу, дейді ұйымдастырушылар. 

“Менің ойымша, Қазақстандағы жарнама саласын өзгертетін уақыт келді. Көп жағдайда қазір маркетологтар жалқауланып кетті деп айтсам қателеспеймін, олар клиенттерге әбден сеніп алған. Сондықтан осы бір шара әріптестерімді бір ортаға жинап қана қоймай, оларға жаңа, сапалы әрі пайдалы өнім жасауға шабыт сыйлайды деген ойдамын. Екіншіден, қазақстандық маркетингте бәсеке ұлғайса деген ниеттемін. Өйткені бәсеке бар жерде саланың да, ұйымның да дамуы жеделдей түседі. Қазір біздің (маркетологтардың – ред.), бәлкім нарықтың себебінен, ынта-жігеріміз әлдеқайда төмендеп кетті. Міне, біз осындай шаралар ұйымдастыру арқылы сол ынтамызды көтергіміз келеді”, – дейді Олегжан Бекетаев Jusan Bank-тің маркетинг және PR бойынша директоры. 

Кездесу барысында ресейлік стратег және маркетинг кеңесшісі Ксения Овчинникова мен қазақстандық жарнама және креативті коммуникациялар сарапшысы Асхат Өскембаев сөз сөйледі.

“Қазақстандағы маркетинг саласында ақсап тұрған дүниелердің бірі – компаниялардың қандай да бір стратегия құрмауы, болған күннің өзінде оны ұстанбауы. Маркетинг стратегиясы ұйымның болашақта қалай дамитынын, клиенттермен қарым-қатынасын, қаражатты жұмсауы мен нарықты өзгертуін көрсетеді. Ал стратегиясыз жеке бренд қалыптастыра алмайсың. Тағы бір мәселе компания басшылары маркетологтардың жұмысына сене бермейді. Алайда түптеп келгенде нарықты маркетологтан жақсы түсінетін адам жоқ. Сондықтан олар өз басшыларының тілін тауып, компанияның дамуы тікелей маркетингке байланысты екенін нақты деректермен түсіндіре алуы қажет. Міне, осыдан кейін маркетолог мамандарға деген сенім артады”, – деп қосты Олегжан Бекетаев. 

Бұл тұрғыда ол “Канн Арыстандары” фестивалін (жарнама және маркетинг саласындағы ең беделді халықаралық шығармашылық шарасы – ред.) мысалға келтірді. Маманның сөзінше, қазақстандық маркетологтар осы бір абыройлы фестивальдің марапатына ие болатындай жарнама жасауға қауқарлы. Ол үшін тек потенциалды арттыру қажет, дейді  Олегжан Бекетаев.

Айта кетсек, бүгінде Jusan – барлық маркетинг құралдарын белсенді түрде қолданып, еліміздегі жарнама саласын басқа қырынан танытып жүрген бірегей банк. Мәселен, бұған дейін қаржы институты баршамыз білетін қарапайым жарнама баннерлерін заманауи стрит-артпен байланыстырып алматылықтардың ықыласына бөленген еді. Бұдан бөлек, банк танымал қазақстандық тұлғалармен, атап айтсақ, суретшілермен, режиссерлер мен музыканттармен біріге отырып, отандық өнімді дамытып қана қоймай, қоғамға пайда әкелетін жобаларды ұйымдастыруда. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр