Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Jusan Bank АТФБанкті қосып алуды аяқтады

Jusan Bank және АТФБанк табыстау актісіне қол қойды. АТФБанктің Jusan Bank-ке қосылуы түрінде АТФБанкті қайта ұйымдастыру шеңберінде тараптар қол қойған табыстау актісі АТФБанктің Jusan Bank-ке бүкіл мүлікті, сондай-ақ құқықтары мен міндеттемелерін табыстауының заңды түрде рәсімделуі болды. 

Жусан

Табыстау актісін бекіту туралы шешім 2021 жылғы 3 қыркүйекте Jusan Bank және АТФБанк акционерлерінің  бірлескен жалпы жиналысында қабылданды. 

"Табыстау актісіне қол қою АТФБанк-тің Jusan Bank-ке қосылуы жолымен оны ерікті түрде қайта ұйымдастыру процессін аяқтайды.  Қайта ұйымдастыру шеңберінде жоспарланған барлық іс-шаралар қысқа мерзім ішінде тиімді түрде жүзеге асырылды. Екі банктің командалары АТФБанк клиенттерінің Jusan Bank-тің қызмет көрсетуіне ауысуы барынша жайлы болу үшін бар күшін салды. Осылайша, Jusan Bank АТФБанктің серіктестер және клиенттер алдындағы барлық құқықтары мен міндеттемелері бойынша оның құқықтық мирасқоры болды. АТФБанктің клиенттері тек жақсылыққа толы өзгерістерді көреді және сезеді деп үміттенеміз, себебі Jusan Bank-пен бірге енді олар классикалық үлгідегі банктік қызмет көрсету шеңберінен шығатын жаңа сервистердің кең спектрін алатын болады. Біздің үлкен Jusan цифрлық экожүйеміз жеке тұлға клиенттердің де, бизнес клиенттердің де мұқтаждылықтарын күнделікті қаржылық операциялардан бастап инвестиция жасау және сақтандыру мәселелеріне дейін өтейді, сонымен қатар, маркетплейс және Jusan Mobile виртуалды мобильді оператор байланысы секілді қаржылық емес сервистерді ұсынады", – дейді Jusan Bank Басқарма төрағасы Айбек Қайып.   

Жүзеге асырудың барлық кезеңдері Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тиісті мақұлдауын алғаннан кейін іске асырылды. АТФБанк қызметін тоқтатудың келесі қадамы – банк лицензиясын тапсыру бойынша заң процедурасы. 

Jusan Bank-пен бірігу нәтижесінде АТФБанк активтер және капитал көлемі бойынша Қазақстанның ең ірі банктерінің үштігіне кіреді, ал оның активтерінің шоғырландырылған көлемі 3 трлн.теңге көрсеткішке жетеді, бұл Қазақстанның банктік секторындағы нарықтық үлестің шамамен 10%-ын құрайтын болады.  

Талқылау