Израиль Газа секторының босқындарға арналған лагерін бомбалады
Газа секторының солтүстік бөлігінде бомбалаудың салдарынан Джабалия босқындар лагері жойылды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Al Jazeera арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Газаның солтүстік бөлігінде жүздеген адам баспанасыз қалды.
"Бұл ғимараттарда жүздеген қала тұрғындары тұрады. Оккупациялық авиация бұл аймақты алты америкалық бомбамен жойды", – деді Газа ІІМ баспасөз хатшысы Ияд Әл-Базум.
Оның айтуынша, 400-ге жуық адам қаза тапты, жараланғандары да бар. Газа секторындағы Индонезия ауруханасының бас дәрігері әзірге лагерьдің 50 босқыны мерт болғанын хабарлады. Алайда құрбандардың нақты саны әлі де есептелуде.
Бомба Джабалия лагеріндегі 15 үйді қиратты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды