ИВЛ аппараттарын Қазақстаннан Өзбекстанға заңсыз өткізбек болған
Өзбекстан азаматтары Қазақстаннан бес өкпені жасанды жеделдету аппаратын өз елдеріне тасымалдамақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олар жабдықты үш жүк көлігінің кабинасымен тасымалдаған. Заңсыз әрекет жасағандарды Мақтаарал аудандық прокуратурасының қызметкерлері, «Атамекен» кеден бекеті және Жетісай ВЧ-2037 ОКП шекара отряды бірлескен жедел іс-шаралар жүргізу кезінде тапты.
Сонымен қатар, «Қонысбаева» кеден бекетінде кеден қызметкерлері Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара қызметімен бірлесіп, салмағы 1 грамм гашишке ұқсас затты Өзбекстанға тасымалдамақ болған Қазақстан азаматын ұстады. Ол кісі Өзбекстаннан келе жатқан.
"Аталған факті бойынша барлық материалдар тергеу шараларын жүргізу үшін құқық қорғау органдарына тапсырылды", - деп хабарлады Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда ипотека не себепті қымбат: Нарықтағы әділ баға қандай болуы керек
Экономист мамандар тұрғын үйдің қымбатшылығына не әсер етіп жатқанын айтты
Неге Қазақстан қалаларында аялдама бағасы пәтер құнымен тең: Әкімдіктер қанша қаржы жұмсайды?
Бір аялдаманың орташа құны шамамен 10,3 миллион теңге