Италияның танымал әншісі Димаш Құдайбергеннің даусына таңданды
Италияның танымал опера және эстрада әншісі Алессандро Сафина қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің даусына таңданды, деп жазады Stan.kz.

Әнші Алессандро Сафина Димаштың Қытайда өнер көрсеткен видеосының астына пікір қалдырған.
«Оның даусын тыңдаңыздаршы. Сонда оның қандай керемет екенін түсінесіздер», – деп жазды әнші.
Айта кетсек, Алессандро Сафина – танымал италиялық тенор, поп-опера бағытының негізін салушы. Ол 1963 жылы Италияда дүниеге келген. Сондай-ақ басқа да жанрларда ән айтады.
Сонымен қатар Сафина әлемдегі ең сұлу адамдардың бірі саналады. Ол сұлу адамдар тізімінде Шакира мен Одри Татудан алда тұр.
Оқи отырыңыз:
Баян Мақсатқызы: Ер адамды әйелге саусағының ұшын тигізе алмайтындай етуіміз керек
Әли Оқапов Вьетнамда бірге демалып жүрген қыздың кім екенін ашық айтты
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады