Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Италиялық қыз өзі түскен порно видео желіге тарап кеткен соң өз-өзін өлтірді

Италиялық Тициана Кантоне өзі түскен порно видео желіде тарап кеткеннен кейін, соның күйігіне шыдай алмай көз жұмған.

c08d44c9-6c9a-4baa-8949-15c24a808e70

Фото: napoli.fanpage.it

Бұл туралы La Repubblica хабарлайды.

2015 жылдың көктемінде ол жаңа серіктесімен интимді бағыттағы видео түсіріп, оны бұрынғы жігітіне жібермекші болады. Нәтижесінде ролик желіге шығып кетіп, қысқа уақыттың ішінде Фейсбук пен Youtube желісінде танымал бейнежазбаға айналып кетеді. Әйелді айыптаған, сынаған, жамандаған, мазақ еткен пікірлер осыдан соң қарша бораған. Оның есімінің танымал болғаны соншалық, кез-келген адамның ауызында жүреді.

Кантоне видеоны іздеу жүйесінен өшіріп тастауға әрекеттенгенмен, ролик қайтадан желіге шығып кете береді. Осы үшін қыз Фейсбуктің іздеу жүйесімен дауласқан.

Ақыры бас даудан арылмаған қыз, жұмысынан шығып, басқа қалаға кетеді. Жаңа өмір бастамақшы болған ол, қайтыс боларынан аз уақыт бұрын есімін ауыстыруға да өтініш берген. Қыздың анасы Тициананың қатты депрессияға түсіп, сот процесін уайымдап ауырғанын айтады. Әйелдің сөзінше, қыз екі мәрте суицид жасауға әрекеттеніпті.

Кантоненің өзін-өзі өлтіруін прокуратура зерттеп жатыр. Құқық қорғау органдары оның өліміне интернеттегі даудың қаншалықты әсері болғандығын анықтау үстінде.

Оқи отырыңыздар:

Ресейлік бағдарламашыға тұрмысқа шыққан Атамбаевтың қызы той туралы айтып берді

12 жастағы бала жалғыз өзі бір жыныстылар некесіне қарсы топқа қарсылық танытты

Мұғалімі 11 жасар оқушысын үгіттеп онымен жыныстық қатынаста болып келген

Германияда жүздеген қыз бала кәмелеттік жасқа толмай некелескен

Талқылау