AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ит сияқты есігіне байлап қойды": Сот шешіміне келіспеген қазақстандықтар Жоғарғы Соттың алдында түнеуге мәжбүр

Нұр-Сұлтандағы Жоғарғы Сот судьяларына кіре алмаған бір топ азамат төрт күннен бері ғимараттың өткізу пунктінде түнеп жүргендерін айтады. Аудандық, қалалық, облыстық соттың судьялары әділ шешім шығармады деген адамдар Жоғарғы соттағылар да жанайқайымызға үн қатпайды дейді. Бірі заңсыз жұмыстан қуылдым десе, енді бірі үстімнен дәйексіз қылмыстық іс қозғалды деп ашынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

ауыл

Азаматтар есікті қағып, терезеден сығалап жүргендеріне бүгін төртінші күн болғанын айтады. Көбі былтыр да, биыл да бірнеше рет келіпті. "Екі жыл бұрын басшылық заңсыз жұмыстан қуып жіберді" деген жаңаөзендік Асылбек Нұржанұлы қалалық және облыстық соттан әділдік таппаған. Жоғарғы сотқа келіп жүргеніне 4 айдан асса да, әзірге бұл есіктен әрі аттай алмаған екен.

“Еңбекке жарамсыз парағым бар. Ауруханаға жатып шықтым. Соның бәрін өздері мақұлдап, өздері төледі. Ал бірақ 15 күннен кейін мені жұмыстан шығарып жіберді”, – дейді Асылбек Нұржанұлы. 

Профессор, тарихшы Есенғазы Қуандық университеттегі жұмысымнан қудаланып кеттім, қайта жұмысқа тұра алмай әділдік іздеп жүргеніме 11 жылдан асты дейді.  

“Асанов мырза! Биліктің үш тармағының бірінің шешуші буынында отырсыз! Бұл не деген мазақ? Ит сияқты есігіңізге байлап қойып отсыз! Бүгін төртінші күн”, – дейді Есенғазы Қуандық. 

Ал 4 ай тергеу изоляторында отырып шыққан көкшетаулық Ботагөз Сарсекеева үстімнен дәлелсіз, алаяқтық бабымен іс қозғағандар жазасын алсын деп жүр. 

“Осымен алты жыл болды осында келіп жүргеніме! Мен тергеу изоляторынан босап шыққанымда Сарсенов деген судья Темірханов деген адвокаттың туған ағасы екенін білдім. Біз секілді құзырлы органда туысы жоқтар, әккі қызметкерлердің жемтігі болып кете бере ме? Әділдік қайда?” – дейді Көкшетау қаласының тұрғыны Ботагөз Сарсекеева.

Осылай әркімнің мәселесі әртүрлі, қырық қатпар, сан тарау. Қазір бұл топ бір жақ, жоғарғы сот бір жақ секілді. Бірақ жауаптылар бұл жерге түнеп, келе бергеннен іс бітпейді дейді. Олардың айтуынша, бұл азаматтарды судьялар бірнеше рет қабылдапты.  

“Нұрбек Аманжолов деген әріптесім ол кісілерді қабылдаған. Және мән-жайды түсіндірген, қолдарындағы арыз-шағымды алып қалған. Заңға сәйкес енді олардың жауаптары осы жақын күнде беріледі деп отыр. Ол азаматтарға әр келген сайын түсіндіреміз. Бірақ, өкінішке қарай, қорытынды шығаратындардан шығармайтындары басым болып тұр!” – дейді ҚР Жоғарғы Сотының Баспасөз Хатшысы Айдос Сәдуақасов

Осылайша жиналғандар ешкім бізді қабылдамады десе, жауаптылар бірнеше рет қабылдап, түсіндірдік деп отыр. Ал сот шешіміне наразы азаматтардың көбі Жоғарғы Соттың төрағасы Жақып Асановтың қабылдауына кіргісі келеді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр