Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ит аулаға кіріп кеткен": Өскеменде ит талап өлтірген қыздың туыстары өз нұсқаларын айтты

Өскеменнің іргесіндегі Лесхоз ауылында ит шабуылынан қаза тапқан қыздың туыстары жәбірленушінің өліміне қатысты өз нұсқаларын айтты. Олардың айтуынша, қаңғыбас ит үйдің ауласына кіріп, ойнап жүрген қызға тарпа бас салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі yk-news.kz порталына сілтеме жасап.

ит собака

"Қайғылы оқиға Лесхоз ауылында болды. Қыз бала үйдің ауласында ойнап жүрген, барлығы сол жерде болған. Ит қоршаудан өтіп кетіп, балаға шабуыл жасаған. Ит оқиғадан кейін жоғалып кеткен. Қыздың ата-анасы ес-түссіз күйде отыр...",  – дейді көз жұмған қыз баланың туысы.

Ал Лесхоз тұрғындарының айтуынша, бүгін қайғылы оқиға болған ауданда жабайы жануарларды аулау қызметі жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, 17 желтоқсанда ит жеті жасар қызға шабуыл жасаған еді. Бұл туралы әлеуметтік желі қолданушылары жазған.



Олардың сөздерінше, бұл аймақта қаңғыбас иттердің тұрғындарға шабуылы таңсық жағдай емес. Мұнда үйсіз жануарлар жақын маңдағы тұрмыстық қоқыс үйіндісіне келеді және адамдарға жиі шабуыл жасайды.

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті 17 желтоқсанда Ертіс полиция бөлімі аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастағанын айтты. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. Басқа ақпараттар жария етуге жатпайды.

Талқылау