Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кіші Ислам Кәрімов: Анам тірі, бірақ Өзбекстанда халыққа оның тек егізін көрсетіп келеді

Өзбекстанның қайтыс болған бірінші президентінің қызы Гүлнар Кәрімова аман-сау. Бірақ, ел билігі жұртшылыққа оның тек егізін көрсетіп келеді екен.

_92718920_islam

Бұл туралы BBC өзбек қызметі хабарлады.

Кіші Ислам Кәрімовтың айтуынша, ол өзінің кіші әпкесі Иман Кәрімовамен соңғы рет 15 қараша күні хабарласқан. Ол анасының аман-сау екенін айтыпты. Сол уақыттан бері оның жағдайы туралы ешқандай дерек жоқ.

Қазіргі таңда Гүлнар Кәрімова Ташкенттегі өз үйінде Ұлттық қауіпсіздік қызметінің толықтай бақылауында тұрып жатырған көрінеді. Алайда, Исламның айтуынша, Гүлнар Кәрімовадан аумайтын әйелді тапқан ел билігі, жұртшылыққа сол әйелді көрсетіп жүр екен. Осы арқылы қазіргі билік Гүлнардың бостандықта екеніне елді сендіргісі келетін сияқты. Кіші Ислам анасы “саяси мәселелер” кесірінен қамауда отыр деп санайды. Ал оның қарындасы Ташкенттегі қонақүйлердің бірінде ұстаулы. Оны айына бір мәрте ғана анасымен кездестіреді.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Гүлнар Кәрімованың уланып өлуін қайтадан жоққа шығарған еді.

Қазан айының басында Твиттерде Гүлнар Кәрімованың атымен аккаунт пайда болған. Алайда журналистер аталмыш аккаунт жалған дейді.

Гүлнар Кәрімова 1972 жылы туған. Өзбекстанда біраз мемлекеттік қызметте істеген. 213 жылы ірі қаржылық шудың ортасында қалып, кейін үй қамаққа алынған. Ол биылғы жылы қайтыс болған әкесі Ислам Кәрімовтың да жерлеу рәсіміне қатыспады.

Оқи отырыңыз:

БАҚ: Фидель Кастроның 35 мың әйелі болған

Әйелі тастап кеткен қырғыз жігіт сөмке тігіп, бүкіл әлемге саудалауда

Сүйіктісінен таяқ жеп көз жұмған әйел өмірінің соңғы сәттерін диктофонға жазып үлгерген

16 жастағы жігіт 17 жастағы қызды зират ішінде зорлап кеткен

Талқылау