AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Іш киімдер сататын дүкеннің алдында тұр" : Қызылордалықтар жазушы Мұхтар Әуезовтің ескерткішін көшіруді талап етуде

Қызылордалық белсенділер қаладағы ескерткіштердің тұрған жеріне наразы. ерең тұлғаның құрметіне қойылған архитектуралық нысан лайықты жерге орналастырылмағанын айтқан олар тас мүсінді халық көп шоғырланған және сәулеті келіскен аумаққа көшіруді талап етуде. Белсенділердің арыз-талабын Stan.kz тілшісі тыңдады. 

Мұхтар Әуезовтің құрметіне орнатылған бұл ескерткіш 2000 жылдары бой көтерген. Әу баста билік басындағылар арнайы жоба сызып, бұл жерді әдемі демалыс саябағы ретінде абаттандырғысы келген. Алайда аталмыш бастама кейін аяқсыз қалған көрінеді. Қазіргі уақытта Мұхтар Әуезов ескерткіші қаланың орталық көшелерінің бірінде тұрғанымен, бұл аумақта халық көп келе бермейді. Сол себептен де ескерткіш елеусіз қалуда.

"Мұхтар Әуезов – қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған жазушы. Өскелең ұрпақ азаматтың ғибратты ғұмырынан үлгі алуы тиіс. Бүгінде ескерткіш өзіне лайықты аумақта орналаспаған деп ойлаймын. Бұл мөлтек аудан – жалдамалы пәтерлерімен аты шыққан жер. Үнемі төбелес пен қылмыс орын алады. Оның үстіне ескерткіш жеңіл-желпі киімдер сататын дүкеннің алдында тұр. Жазушыға деген құрметіміз осы ма?" – дейді қала тұрғыны Бақытжан Ыбыраев.

Айта кету керек, мұнда Мұхтар Әуезов ескерткішінен бөлек, даңқты кітабы "Абай жолының" тастан жасалған нұсқасы да бар. Алайда бұл нысан сәл әріректе орналасқан, жанындағы тұрғын үйдің ауласына сығалап тұр. Қазір қызылордалықтар "ескерткішті қай жерге көшіру керек?" деген сауалға өз нұсқаларын ұсынуда.

"Заңғар жазушы ескерткішін өзінің атымен аталған көше мен А.Тоқмағанбетов  көшесінің қиылысына, "Қызылорда" қонақ үйіне қарама қарсы орналасқан скверге орналастыруға да болады.Ол жерде де адамдарға арналған отыратын орындықтар, гүлзар бар. Қаланың көркі ашыла түсер еді", –  дейді қала тұрғыны Хұсайын Куразбаев.

Осы мәселеге байланысты, Қызылорда қаласы әкімдігінен ресми мәлімет сұратқан едік. Билік басындағылар проблема жақын аралықта шешіледі деп сендірді.

"М.Әуезов ескерткішін ауыстыру жөніндегі мәселе бұған дейін де көтерілген болатын.
Қазіргі таңда, ескерткішті қаланың басқа да көрікті жеріне орналастыру жөніндегі жұмыстар пысықталып, қалалық жер қатынастар, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімдері тарапынан қойылатын ескерткіштің жер телімінің бірнеше жоба нобайлары дайындалған. Алдағы уақытта, аталған мәселенің бір жақты шешімі арнайы комиссия отырысында қаралып, қаражат шешілген жағдайда тиісті заңға сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады", – деді Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өкілдері.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр