Із-түссіз жоғалып кеткен атақты боксшы Алматыдан табылды
Қазақтың атақты боксшысы, бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазов Алматыдан табылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық полиция басқармасының хабарлауынша, Серік Нұрқазов аман-есен табылып, туыстарына тапсырылды.
Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың қайда екенін анықтау үшін арнайы іздестіру тобы құрылғаны атап өтілді.
Айта кетейік, Серік Төкенұлы Нұрқазов Қарағанды облысында дүниеге келген, ол:
- Бокстан КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері;
- 1983 жылы Римде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
- 1981 жылы Тампереде өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
- 1983 жылғы Варнадағы Еуропа чемпионы;
- КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда қазақстандық спортшы Серік Нұрқазовтың із-түзсіз жоғалып кеткені туралы жазған едік. Айтуларынша, ер адам 14 желтоқсан күні үйден белгісіз бағытта шығып кеткен.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты