Ирандағы көтерілістер басқа елдерге әсер етуде: Иран Күрдістанға оқ жаудыртты
Иран Ирактың Күрдістан ауданындағы күрдтерге оқ атты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС арнасына сілтеме жасап.

Иран тарапы Күрдістандағы күрдтердің “Бостандық” қарулы оппозициясының базасына шабуылдады.
Иран күрдтерді ел ішінде бүлік салды деп айыптауда. Бұл әрекетімен олар Иракты күрдтерді қуып жіберуге шақырады.
Бұл – соңғы он жылдағы ең үлкен шабуыл. Күрдтерден басқа, Ирактың бейбіт тұрғындары да бомбалаудан зардап шекті.
Иран елінде хиджабты дұрыс кимегені үшін ұсталып, артынша көз жұмған 22 жастағы Махсы Аминидің өлімінен кейін басталған наразылықтар әлі жаншылар емес. Бұған дейін Тегеран елдегі бүлікке АҚШ, Британия, Израиль мен Сауд Арабиясын айыптаған еді.
Естеріңізге сала кетейік, Иранның Сауд Арабиясына шабуыл жасауға әрекеттенгені туралы хабарланды.
Алматы билігі Үлкен Алматы көліне апаратын жаяу жүргіншілер жолына 500 миллион теңге жұмсамақ
2023 жылы тамызда жолдың такси қызметі үшін ашылуы қоғамда наразылық туғызды
"Қазақ тілі тестінен өту қиын болып кеткен": Өзбекстаннан келген қандастар азаматтық бермей жатқанына шағымданды
Қандас: "Азаматтық алуды квотамен тікелей байланыстырмаса екен"