Иранда үкіметке қарсы шерулерді қолдаған рэпер Тумадж Салехи өлім жазасына кесілді
Музыкант 2022 жылдың қазан айында наразылық білдірушілерді, соның ішінде бұл туралы ән жазуды қолдап, көпшілік алдында сөйлеген кезде ұсталды. Салехи "Жер бетінде сыбайлас жемқорлықты таратты" деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл ұғымға бірқатар қылмыстар кіреді: мемлекеттік қауіпсіздікке қарсы қылмыстардан бастап жезөкшелер үйін құруға дейін. Ол үшін елде өлім жазасы қарастырылған.
2023 жылы рэперге алты жыл үш айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Ол Иранның жоғарғы сотының шешімімен өлім жазасынан құтылған еді.
2024 жылы 24 сәуірде рэпердің адвокаты Амир Раисян ирандық "Sharq" газетіне Исфаханның революциялық сотының бірінші бөлімі жоғарғы соттың шешіміне қарамастан рэперді өлім жазасына кескенін айтты. Ол әлі заңды күшіне енбеген үкімге міндетті түрде шағымданамын деп уәде берді.
"1 миллион теңге талап еткен": Топ болып қыз зорлағаны үшін 15 жылға сотталған жігіттердің жақындары сот шешіміне қарсы шықты
Жәбірленушінің денесінен сызат, көгерген іздер мен жарақаттар анықталмаған
“Аула сыпырушы блогер ата”: “Қайратқа” 47 жылдан бері жанкүйер алматылық қария желі жұлдызына айналды
Дмитрий: "Алдағы уақытта “Қайрат” академиясына аула тазалаушы болып кіремін"