Иранда хиджабқа қарсылығын білдірген бойжеткен жындыханаға мәжбүрлі түрде жатқызылды
Хиджаб киюге наразылық білдірген ирандық студент Аху Дарьяи психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп емделуге жатқызылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі IranWire басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: instagram/chelseahartisme
Бұл ақпаратты Иран ғылым министрі Хоссейн симай Сарраф жеткізді.
"Қазір Даряи өз отбасының қолдауымен емделуде", - деді шенеунік.
Алайда тәуелсіз дереккөздердің мәліметтінше, бұрын студентте ешқандай психикалық мәселелер болған емес. Құқық қорғаушылардың айтуынша қызды күшті дәрі-дәрмектермен емдемек.
Еске салсақ, бұған дейін Иранда хиджабқа қарсылығын білдіріп, көшеде жалаңаш жүрген қыздың ұсталғаны туралы хабарлаған едік.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған