Иранда хиджаб кимегендерді өмір бойына соттайтын жаңа заң қабылданбады
Иран хиджаб кимегендерді өлім жазасына тартатын заңын қабылдаған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тегеран билігі наразылықтардан қорқып, хиджаб кию ережесін бұзғаны үшін жазаны қатайтпау туралы шешім қабылдады.
Тегеран әйелдердің қоғамдық орындарда міндетті түрде хиджаб киюіне қатысты қатаң заң енгізу процесін тоқтатты. Иранда хиджаб киюден бас тартқандар үшін қазірдің өзінде айыппұлдар мен бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, бірақ жаңа заң айыппұлдар мен жазаларды көбейтеді.
Иран парламентінің ережелерді қатайту туралы бастамасын вето құқығын пайдаланған ел президенті Масуд Пезешкян қолдамады. Ол жаңа шара 2022 жылғы наразылықтарға әкеледі деп санайды.
Еске салсақ, бұған дейін Иран президенті міндетті хиджаб кию туралы жаңа заңды қабылдамауды талап еткен еді.
Алматы облысында әйел көлікпен үйдің ауласына кіріп кеткен: Жарақат алған тұрғын бір аяғынан айырылды
Салдарынан аулада әйелдің аяғын ампутацияламақ
Шымкентте әскерге барудан қашқан 23 жастағы жігіт үшінші қабаттан секіріп комаға түсті
Жанна: “Ұлыма қысым көрсеткендер әскери комиссариат қызметкерлері болмай шықты”