Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Инсульт алып, комаға түскен: Ақтаулық дәрігерлер ауыр диагнозбен ауруханаға жеткізілген сәбиді аман алып қалды

Балалар нейрохирургі Ербол Кенжевалов, хирург Насуқан Отарғазиев және анестезиолог Мереке Бекбаев ауыр диагнозбен және ессіз күйде ауруханаға түскен бір айлық сәбидің өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, сәби 21 қазанда Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасына түскен.

"Туғанына 38 күн болған бала жедел реанимация бөліміне ми қан айналымының жедел бұзылуы (инсульт), ми ішілік гематома, дислокация синдромы, ауыр постгеморрагиялық анемия, диссеминирленген тамырішілік коагуляция синдромы және  I дәрежелі кома диагнозымен жіберілді", – дейді балалар ауруханасының қызметкерлері.

Шұғыл реанимациялық шаралар жасалып, баланың жағдайын тұрақтандырудан кейін дәрігерлер бригадасы дереу ота жасауға шешім қабылдайды.

Нәтижесінде дәрігерлер баланың бас сүйегіне ота жасап, ми ішіндегі гематомаларды алып тастайды. Сәбидің жағдай операцияның сәтті өткенін көрсетті. 13 қарашада белгіленген оңалту емдік курсын аяқтаған соң бала ауруханадан шығарылды.


Баланың ыстығы көтерілген кезде үй жағдайында көрсетілетін алғашқы көмектерді біле жүріңіз

Талқылау