Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Индира Елемес: Ерке келінмін, сәлем салмаймын, орамал тақпаймын

Индира Елемес әнші болуына қарсылық танытқан анасын қалай көндірген? Өмірлік серігін продюсері етіп таңдаудағы мақсаты не? Тыңдарманынан не үшін сөгіс естіді? Қазақ сахнасын әсем әндерімен әуелетіп жүрген белгілі әнші Индира Елемес қызықты сыр-сұхбатын "Менің өмірім" бағдарламасында айтты.

Индира Елемес Арыстың тумасы. Шығыс Қазақстанның келіні. Күйеуі  – өз продюсері. Көпшілікке сырын айта бермейтін әнші отбасы, қайын жұрты туралы сөз етті. 

“Мен Арыстың тумасымын. Әкем өмірден ерте озды. Отбасында 5 қызбыз. Ұл жоқ. Орындалмайтын арманым – әкем. Өзім шығыстың келінімін. Бірақ қайын жұртым Алматыда тұрады. Сондықтан келін болғалы осында тұрамыз. Жолдасым 6 ағайынды. Қайын әпкелерім бар. Бәрін жақсы көремін. Бәрімен татумын. Келін болғаныммен сәлем салып, орамал тағып жүрмеймін. Ондай талап жоқ. Ерке келінмін. Келіндік қызмет атқар, сен келінсің деп қарамайды ешкім. Егер күйеуің жақсы болса, бәрі жақсы болады. Әнші болғандықтан оған уақыт та табыла бермейді”, – дейді ол. 

Әнші ең алғаш Нұрлан Еспановпен жұмыстас болып, кейін Мөлдір Әуелбековамен бірге жұмыс істеген. Қазіргі продюсері – өзінің күйеуі. 

“Ең алғаш Нұрлан Еспанов продюсер болды. Мөлдір Әуелбекова музыкалық продюсерім болды. Кейін ол тұрмысқа шығып кеткен соң бөлек кеттім. Қазір өзімнің жолдасым продюсерім. Өз жақын адамың продюсер болған жақсы екен. Саған шын жаны ашиды. Сенде жақсы болса екен деп тұрады. Сондықтан қазір бәрі жақсы. Ашық образдарға жолдасым қарсы. Ондай кадрларды күйеуім қиып тастап отырады. Жабық образды жақсы көреді. Мен оны үнемі тыңдаймын. Талаптарын орындаймын”, – дейді әнші. 

Өмірде адалдықты ту еткен ол жақын араласқан адам болса, ешқашан арамдық жасамаймын дейді өзі.

“Адалдықты жақсы көремін. Адамның жүрегі таза болса, адал болса, бәрі жақсы болады. Ешқашан жақын адамдарымды сатпаймын. Ешкімге алалық жасамаймын. Табиғатым қарсы”, – дейді Индира. 

Бұрын тәкаппар болған әнші қазір уақыт өте келе ана атанғалы мінезі өзгергенін мойындайды. 

“Мен бұрын тәкаппарлау едім. Қазір басқамын. Басқаша көзқараспен қараймын. Тез ренжігіш едім, қазір ұмыта саламын. Балаларым өмірге келгелі мейірімдімін. Тез мейірленіп тұрамын”, – дейді әнші. 


Талқылау