Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үш рет обырға шалдыққан: Алты жылдан бері қатерлі ісікке шалдыққан қазақстандық қызға шұғыл көмек керек

Түркістан облысының тұрығыны 18 жастағы Илона Кимге шұғыл түрде көмек керек. Ол көп жылдан бері жылдан бері қан қатерлі ісігімен күресіп келеді. Ең сорақысы, оған "лейкоз" диагнозы бірден қойылмапты. Бастапқыда дәрігерлер қарапайым ангинамен ауырып келген қаршадай қыздың қандай ауруға шалдыққанын анықтай  алмаған. Stan.kz тілшісі анасы Елена Андреевамен тілдесіп, қызының еміне қанша қаражат керек екенін, қазіргі жағдайы қандай екенін сұрап білді. 

Илона Түркістан облысындағы Тұрар Рысқұлов атындағы ауылда ата-анасымен, үлкен ағасымен және сіңлісімен тұрады. Дәл қазіргі сәтте ол Түркияда ем алып жатыр. Елена Андереевна қызының 2015 жылдан бері осы аурумен күресіп келе жатқанын айтады. 

“Біздің қызымыз 2015 жылы ауырып қалды. Алғашында ангина деп ойлап жүрдік. Дәрігерлер көпке дейін дұрыс диагноз қоя алмады. Ал анықтаған кезде 85% обыр жасушалары жайылғанын білдік. Біз Алматы қаласындағы ПБҒО-да ем қабылдадық. Емдеудің бірінші легі өтті, көптен күткен ремиссия уақыты келді. Арадан 2 жыл 7 ай өткенде ауырсыну қайта басталды. Дәрігелер рецидив емес деп үміттенді. Бірақ, өкінішке қарай, қайта ауырып қалды. Біз өте көп емделдік, жағдай жантөзгісіз қиын болып кетті.  Денсаулығы енді оңала бергенде 8 айдан кейін қайта ауырдық. Тағы да ақ халаттылардың көмегіне жүгіндік, емдеу басталды. Бірақ көптеген химиотерапиядан зардап шеккен қызымның денесі ауыр емге шыдамай инсульт алды. Илонның денсаулығы одан сайын  нашарлай бастады. Жығылғанға жұдырық болғандай қызымның организмінен инфекцияны анықтады. Жағдай күрт нашарлап, қызым комаға түсіп қалды”, – дейді қан жұтқан анасы.

Оның айтуынша, дәрігерлердің арқасында 15 күннен кейін қызы жансақтау бөлімінен шыққан. Алайда қайтып аяқ басып, жүре алмапты. 

“Мүгедектер арбасына отырып, үйге келдік. Екі айдың ішінде Илона толығымен қалпына келді. Ал 3 айдан кейін рецидив пайда болды”, –дейді анасы. 

Бойжеткеннің өмір сүріп кетуі үшін сүйек кемігін трансплантациялау керек. Бұл қыруар қаражатты қажет етеді. Илонаның ата-анасы халықтан қызының емі үшін шамасы жеткенше көмектесуін сұрайды.

“Бізде өмір сүруге деген жалғыз мүмкіндік бар. Ол – сүйек кемігін трансплантациялау (TCM). Бізде туыс донор жоқ, ал туыс емес донордан Қазақстанда ота жасатпайды. Біз шетелдік мамандарға жүгінуге мәжбүр болдық. Түрік клиникасы үздік мамандар мен төлем шарттарын ұсынды. 23 наурызда біз жедел төлем аштық және жиналған ақшаға бірден Түркияға ұшып кеттік. Қазіргі уақытта біз химиотерапияның екі курсынан өттік. Біздің алдымызда тағы бір химиотерапия және ТКМ бар.

Жалпы керек қаражат – 150 000 АҚШ доллары. Оның 42 100 долларын жинау қалды. Біздің бұл ақшаны жинайтынымызға, ТКМ жасап, денаулығының жақсаратынына Илонаның үміті зор”, – дейді анасы.

Илона басынан өткен қиындықтарға мойымайды. Оның алдына қойған арман-мақсаттары көп.

“Илонаның ең бірінші мақсаты – сау болу, қорқыныш, ауырсыну, екпелерсіз өмір сүру. Өйткені оның көп уақыты ауруханаларда өтуде. Сосын ол университетке түсуді армандайды. Биыл ол 11-сыныпты бітірді. Өкінішке қарай, бітіру кешінің орнына ол химиотерапияға барды. Ол өз ортасында әрдайым өте белсенді жүрді, олимпиадалар мен конкурстарға қатысты. Сондай-ақ қызым өзінің туыстары мен достарын сағынып, туған Қазақстанға оралуды армандайды, бұл туралы ол жиі айтады”, – деп сөзін түйді анасы. 

Stan.kz ақпарат агенттігі жаны жомарт, қолы ашық азаматтар үшін Илонаның еміне арналған реквизиттерді ұсынады: 

KASPI GOLD
5169-4971-7660-2898
Тел.: + 7 (771) 319-32-51
Андреева Елена (анасы)

СБЕРБАНК Руб
4263-4333-3669-6023 
Тел.: + 7 (771)319-32-51
Андреева Елена (анасы)

Халық Банк 
4405-6398-1777-2849
Тел. +7 (701)313-96-31
Ким Александр (әкесі)

Pay Pal: [email protected] 
(Жақын туысы Иван Сутягин)

Талқылау