Храпунов заңсыз өткізіп жіберген 3 миллиард теңгенің ғимараты мемлекетке қайтарылды
Алматы прокуратурасы 3 миллиард теңгелік жедел медициналық көмек кешенін мемлекет меншілігіне қайтарып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: qazpolit.org
Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2023 жылғы 27 қарашадағы шешімімен мемлекеттік мүлікті жекеменшікке беру жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану туралы талап-арыз қанағаттандырылды. Сот шешімі заңды күшіне енді.
Ауданы 3974 м2 және 50 соттық жері бар кешенді бұрынғы әкім Храпунов жеке құрылымдарға заңсыз берген.
25 сәуірден бастап мүлік жедел медициналық жәрдем қызметіне берілді. Енді қосымша қосалқы станция ашу жоспарланып жатыр.
Еске салсақ, Алматыда Храпунов заңсыз иемденген ғимарат мемлекет меншігіне қайтарылған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады