"Хиджабтан туған дау": Ирандағы көтерілісшілер полиция бөлімшелерін өртеді
22 қыркүйекте Тегеран мен Иранның бірнеше қалаларында наразылық білдірушілер полиция бөлімшелері мен көліктерді өртеп жіберді. Аманидің өлімінен туындаған толқулардың жалғасып жатқанына алтыншы күн, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Dawn басылымына сілтеме жасап.
Сурет: Рейтер
Иранда бірнеше күннен бері дінбасылардың үстемдігіне қарсы наразылық толқулары жалғасып жатыр. Бұл 22 жастағы Махсы Аманидің хиджаб кигені үшін тұтқынға алынып, кейіннен мерт болуына қатысты туындаған еді.
"Әлеуметтік желілерде жалған қауесет таратып, қоғамның психологиялық қауіпсіздігіне қатер төндіретін ақпарат берушілерді анықтап, оларға қатысты шешуші шара қолданылады", – деді тәртіп сақшылары.

Көтеріліс болған күні елде мобильді интернет сөндірілген. Сәрсенбі күні елдің солтүстік-шығысындағы Мешхед қаласында ирандық үкіметті қолдайтын әскерилендірілген Басидж ұйымының мүшесі пышақтап өлтірілді.

Солтүстік-шығыста наразылық білдірушілер отқа оранған полиция бекетінің жанында "Өлеміз, өлсек те, Иранды қайтарамыз" деп айқайлады. Күрдістанда толқу басылғаннан кейін ел астанасы Тегеранда тағы бір полиция бөлімшесі өртенді.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін Ирандағы тәртіпсіздіктер нәтижесінде наразы халық пен полицей арасында зардап шегушілер бар екені жарияланған еді.
Кинотеатр дәретханасына бармақ болған қазақстандықты билеті болмағаны үшін ішке кіргізбей қойған: Бұл заңды ма?