Хамзат Чимаев Шавкат Рахмоновқа қатысты өз ойын айтты
Танымал файтер Хамзат Чимаев қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновқа қатысты өз ойын айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Чимаев алдағы уақытта Рахмоновқа қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
"Шавкат Рахмонов – жақсы файтер", – деп қысқа қайырды Хамзат алдағы жекпе-жектеріне сілтеп.
Айта кетейік, 2022 жылдың сәуірінде Чимаев пен Рахмонов арасында жанжал туындаған еді. Бастапқыда отандасымыз танымал файтердің қарым-қабілетіне көңілі толмайтынын мәлімдеді. Кейін Чимаев Рахмоновты "ақымақ" деп атады.
Хамзат Чимаева 2022 жылдың қыркүйегінде соңғы жекпе-жегін өткізіп, америкалық Кевин Холландты қылқындыру әдісімен жеңген. Оның келесі қарсыласы туралы ақпарат әлі жарияланған жоқ. Ал Рахмонов 4 наурызда америкалық Джефф Нилмен жұдырықтасады.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

