"Halyk Bank әрбір қазақстандыққа 500 000 теңге төлеуге міндеттелді": Желіде ақпарат таралды
Instagram-да Halyk Bank әрбір қазақстандыққа 500 000 теңге және одан артық көлемде ақша төлеуге міндеттелгені туралы ақпарат тарады. Төлемді алу үшін сілтеме бойынша өтіп, онлайн-платформада тіркелу қажет, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – алаяқтардың ісі. ҚР Қаржы министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
- Назарбаевтың білімі туралы жазамын деп сотталған: "ДАТ" газетінің негізін қалаушы елдегі өзгерістерге қатысты ойын айтты
- "Мақсатымыз - байлықты халыққа қайтару": Белсенділер Halyk банкты мемлекет меншігіне қайтаруды талап етті
“Жазбада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың суреті берілген. Бұл ақпараттың Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, сондай-ақ Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа қатысы жоқ. Оны алаяқтар таратқан, бұл ақпарат – фейк. Мұндай сілтемелер бойынша өтпеуіңізді сұраймыз”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство түрлі төлемдер төленетіні туралы күмәнді хабарламаларға сенбеуге шақырды.
“Әдетте бұл желі қолданушыларының жеке мәліметтері мен қаражатын иемденуді мақсат еткен алаяқтардың ісі болады”, – делінген хабарламада.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады