"Халықтың шешімін қабылдаймыз": Джо Байден билікті Трампқа бейбіт түрде табыстауға уәде берді
АҚШ-тың экс-президенті Джо Байден президенттік сайлаудан кейінгі халыққа жасаған үндеуінде билікті Дональд Трампқа бейбіт түрде табыстауға уәде етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Anna Moneymaker
“Бұл – біреулер үшін жеңіс, біреулер үшін жеңіліс, білемін. Кампаниялар – бәсекелес көзқарастар сайысы. Халық бір адамды таңдайды, ал біз ол шешімді қабылдаймыз. Америка 200 жылдан бері өз президентін бейбіт түрде сайлап келеді”, – деді Джо Байден Ақүйде жасаған үндеуінде.
Сондай-ақ ол вице-министр Камала Харриске ерекше алғыс білдірді. Айтуынша, ол қиын сәтте жауапкершілікті өз мойнына алып, кампанияға жетекшілік етті.
Күні кеше Джо Байден мен Камала Харрис Трампқа телефон шалып, жаңа президентті жеңісімен құттықтап, Ақүйге шақырды.
Бұған дейін Камала Харрис президент сайлауында жеңіліс тапқанын мойындаған еді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”