Сендердің өздеріңді ұру керек: Марат Сәрсенбаев Меруерт Түсіпбаеваның өзін ұру керек екенін айтты

Халал индустриясы қауымдастығының директоры Марат Сәрсенбаев "әйелдерді ұру керек" деген мұғалімді қолдады. Бұған дейін қолданбалы химия институтының негізін қалаушы Ерлан Сүлейменов "әйелдерді ұруға болады" деген жазбасы үшін желіде сынға қалған еді. Тіпті, осы пікірі үшін жұмысынан қуылыпты. 

Халал индустриясы қауымдастығының басшысы: Әйелдерді ұру керектігі Құранда жазылған

Бұлу туралы Basty Prime бағдарламасында талқыланды.

Бағдарламада сөз алған Марат Сәрсенбаев Ерлан Сүлейменовтің пікірін қолдады. Оны пікірі үшін жұмыстан қуу - барып тұрған қылмыс деді. 

"Мен Ерлан Сүлейменов деген азаматты жеке басым танымаймын. Жалпы Құранда ер мен әйелді татулығы жазылған. Ер әйелін тәрбиелеуі керек. Әйел ерін тыңдау керек. Егер әйелін көнбесе, аздап ұрып алу туралы айтылған. Ерлан соған сүйеніп айтқан шығар. Оны білмедім. Ол қалай десе де өзінің пікірі. Ол үшін жұмыстан қуу дұрыс емес. Әр адам жеке пікірін айта алмай ма? Ол бастауыш сыныбының мұғалімі емес. Балаларды осылай үйретіп жатыр дейтін. Өзі қандай жетістікке жеткен адам. Қанша атағы бар, өзі ғалым, қызы қандай жетістіктерге жеткен. Соның өзінде жұмысынан қуылып отыр", - деді ол.

Бұған әнші Меруерт Түсіпбаева қарсы уәж айтты. Ол Марат Сәрсенбаевтың ойын мүлде қолдамайды. 

"Мен сіздің пікіріңізбен мүлде келіспеймін. Ерлан Сүлейменовпен де келіспеймін. Ондай адамның ұрпақ тәрбиеленуіне жол жоқ деп санаймын. Ұрпақ тәрбиесін сұндай адамға сеніп тапсырудың керегі жоқ. Әйелді ұру туралы айтуды өзі насихат. Марат аға секілді осындай бағдарламаға шақырасыздар, оны естіген көрермен әйелді ұру керек екен деп ойлайды. Дінде солай деп айтты дейтін небір есерсоқ еркектер бар. Қанша әйел күйеуінен зардап шегіп отыр. Таяққа көніп жүр, өмірі өмір емес. Күйеуінің таяғынан өліп кеткен қанша әйел бар. Оның бәріне көз жұмып қарауға болмайды. Марат Сәрсенбаевты бұрыннан танимын. Өте фанатизм басым бойында. Фанатизмді жек көрем. Бұл кісі о дүниеге барып, бәрін көріп, қайтадан жерге түскен адам секілді сөйлейді", - деді Түсіпбаева. 

Бұл ретте заңгер Бибігүл Нұрашева Ерлан Сүлейменовтің заңға сәйкес, жұмыстан қуылғанын айтады.

"Біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Еңбек кодексіне сәйкес, бұл кісі этика сақтаған жоқ. Ол жұмыс істеп отырған ұйымының атына да кір келтірді", - деді заңгер.

Марат Сәрсенбаев заңгердің сөзіне қарсы шықты. 

"Мен ең алдымен Алланың заңына бағынамын. Бұл жерде Алла қателесіп айтқан жоқ қой. Ол мұғалім сол сүрені негізге ала отырып айтқан шығар. Бұл жерде бір адамның пікірі үшін бүкіл еңбегін жоққа шығаруға болмайды. Ол адамны жеке пікірі бар. Қазір ашық-шашық, жалаңаш, елге, халыққа, үкіметке тіл тигізіп жатқандар бар. Жезөкшелер толып жүр. Арақ ішіп, шылым шегіп, аузына келгенін айтып та, жазып та жатыр. Неге солардың аузын жаппайды? Заң солай болса, неге тосқауыл болмайды? Неге жауапқа тартпайды?. Бір адамның әйел туралы айтқан пікірі үшін қызметінен алып тастайды. Пайғамбар әйелдеріңмен тату тұруға үндейді. Тату тұрыңдар деген. Мен әйелдерді ұрсын деп жатқан жоқпын. Бірақ Құранда айтылғанын айттым. Кінәнің көбі әйелден болады. Әйелдің тілі жаман болады. Көп әйел тілінен тауып, таяққа жығылады. Әйел жұмыста басшысына қарсы келмейді ғой. Отбасында да еркекке қарсы келмеу керек. Сонда ұрыс-жанжал, ұрып-соғу болмайды. Қазір әйелдер айғыр болып кеткен. Ерін сыйламайды. Балаларын өзі не балабақша тәрбиелейді. Сендердің өздерің қазір жан-жақтан қарсы шығып отырсыңдар. Сендердің өздеріңді ұру керек. Менің де қызым бар. Бірақ ол күйеуге шыққан соң оған ертең күйеуі жауапты болады. Мен жауап бермеймін", - деді Сәрсенбаев.

Бағдарламаға хабарласқан бірді-екілі көрермен Марат Сәрсенбаевқа қарсы шықты. Олар әйелдерді ұру керек деген қате ұғым деп жатты. 

"Мен 15 жыл күйеуімнен таяқ жеп келдім. Ата-анамның тәрбиесімен көніп жүре бердім. Бірақ сыйлағанды түсінбейтін еркектер бар. Иманнан хабары жоқ, бойында имандылық жоқ, тек әйелді ұруға болады деп түсінетін еркектер бар. Кінәнің бәрі әйелден емес",  деді көрермен.  

Айта кетейік бұған дейін Еуразия ұлттық университетінің қолданбалы химия ғылыми-зерттеу институтының директоры Ерлан Сүлеймен желіде қызу талқыланған пікірі үшін қызметінен кеткен еді. Бағдаралама тақырыбы осы негізге сүйене отырып, әйелді ұру мәселесін талқылады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр