Хабаровск аймағында Ан-26 ұшағы құлап, барлық экипаж мүшелері қайтыс болды
Ресейдің Хабаровск аймағында Ан-26 ұшағы апатқа ұшырап, бортта болған 6 адамның барлығы қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ұшақ сынықтарының арасынан болжам бойынша қаза тапқан жандардың мәйіттері табылған.
Ан-26 ұшақ бортында ұшақ командирі Симаков, екінші ұшқыш Попов, штурман Большаков, бортмеханик Дрожжин, радио операторы Зайцев, сондай-ақ борт операторы Твердунов болған.
Төтенше жағдайлар қызметінде РИА Новостиге ұшақ апатының себебі ауа райының қолайсыздығы болуы мүмкін екенін айтқан.
22 қыркүйекте Ан-26 Хабаровск өлкесі аумағындағы рейстерді жерүсті радиотехникалық қамтамасыз етуге тексерулер жүргізген. Хабаровск қаласынан 38 шақырым жерде болған ұшақ радардан жоғалып кетіп, онымен байланыс үзілген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар