Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Грузиялық топ Абай Құнанбаевтың “Көзімнің қарасы” әнін орындап шықты (видео)

Грузиялық Geo Folk Tour тобы қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың “Көзімнің қарасы” әнін орындап шыққан.

747474

Видеоның түсініктемесінде ән грузиялық тбилиси лирикалық баллада жанрында орындалған деп жазылған.

“Біздің Қазақстандағы достарымызға арналады. Ән ескі Тбилиси лирикалық баллада жанрында орындалып шықты” деп жазылған.

Әншілер әннің түпнұсқасындағы әуенді айнытпай айтпаған. Керісінше олар қазақ әнін грузиялық мәнерде айтып шығуға көңіл бөлген сияқты.

Geo Folk Tour – музыкалық және туристік жоба. Олар түрлі кештерде ән айтып, Грузия бойынша керемет туристік жобалар ұйымдастырумен айналысады.

Оқи отырыңыз:

Тойда «Қара жорға» биін билеген балуан қазақстандықтарды сүйсінтті (видео)

Almaty Towers-тегі “Батут орталығының” директоры тұтқындалды

Қазақстан заңнамасына сексуалдық әлімжеттік туралы бап енгізілмек

18 жастағы жігіт «ВКонтакте» желісіне аудиожазба жүктегені үшін сотталуда

Талқылау