Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның анасы Президентке үндеу жолдады
Грузияда көз жұмған қазақстандық Әсел Айтпаеваның ісіне қатысы жаңа деректер пайда болды. Жүргізілген сараптама Әселдің денесінде тағы бар адамның ДНҚ-сы бар екенін анықтаған. Бұл туралы марқұмның анасы мәлімдеген. Айсұлу Айтпаева сараптама нәтижесі жазда шыққанын айтады, бірақ құжаттар Қазақстанға әлі жеткізілмеген екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Жетінші" арнаның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Анасының сөзінше, сараптамадан кейін Әсем Айтпаеваның денесінен тағы бір адамның ДНҚ-сы табылған екен.
"Сараптамадан кейін қызымның денесінен тағы бір адамның шәуеті анықталды", – дейді Айсұлу Айтпаева.
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мен прокуратураға хабарланғанымен, құжаттар Грузиядан әлі жеткізілмеген екен. Марқұмның анасы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан құжаттарды тезірек елге жеткізуде көмек көрсетуін сұрады.
"Хат та жазғанмын. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтан бұл мәселеге қатысты көмек көрсетуін сұраймын. Қызыма қатысты сараптама ұйымы тезірек әрекет етіп, Грузиядан құжаттардың жеткізілсе деймін", – деп мәлімдеді Айсұлу Айтпаева.
Айта кетейік, Әсел Айтпаева Грузияның Тбилиси қаласында түсініксіз жағдайда көз жұмған еді.
Қазақстандық түрмелерде сотталғандар енді отбасымен видеотаксофон арқылы сөйлесе алады
Қазір ел бойынша 18 мекемеде 86 видеотаксофон орнатылды
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген