Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин-Шереметаның жекпе-жегі қай уақытта көрсетілетіні белгілі болды

18 желтоқсан күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Холливудта қазақстандық боксшы Геннадий Головкин поляк Камил Шереметамен алаңға шығады. Көрсетілімді DAZN стримингтік сервисі ұсынатын болды. Головкин-Шеремета арасындағы жекпе-жек кештің басты "айқасы" болмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме беріп.

Іс-шараның басталуы жергілікті уақыт бойынша 17.00-ге жоспарланған, ал басты жекпе-жек 20.00-ге жуық болады деп күтілуде.

Осылайша, Нұр-Сұлтан уақытымен жекпе-жегі 19 желтоқсан, сенбі күні сағат 04.00-де басталады, ал Головкин-Шереметаның жекпе-жегі 07.00-ге жоспарланған. Бұл ретте жекпе-жектің нәтижесіне байланысты кестеде өзгерістер болуы мүмкін.

Головкин-Шереметаның жекпе-жегінде қазақстандыққа тиесілі титулдар болады. GGG үшін бұл рекордтық 21-ші титулды қорғау болмақ.

Соглавтық жекпе-жекте Әли Ахмедов өнер көрсетеді. Қазақстандық екінші орта салмақта эквадорлық Карлос Гонгораға қарсы IBO әлем чемпионы бос атағы үшін таласады.

Головкин мен Шеремета арасындағы жекпе-жек Холливуд қаласындағы (Флорида, АҚШ) Hard Rock Holly қонақ үй-казиносында өтеді. 

Талқылау