Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Головкин-Брук жекпе-жегі твиттерде хитке айналды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен британиялық Келл Брук арасындағы кездесу әлеуметтік желіде ерекше танымалдылық жинауда.

-Um93bzBqV4

Бұл туралы sports.kz хабарлайды.

Головкин-Брук жекпе-жегі Ұлыбритания аумағындағы твиттер желісінде трендке айналған. #GGGBrook хэштегі дәл қазіргі таңда ел аумағындағы ең танымал тренд атанып отыр.

Бұл хэштегке танымалдылық тұрғысынан тек манчестерлік футбол дербиі (Манчестер Юнайтед-Манчестер Сити) ғана маңайлай алған. Аталмыш қос команда арасындағы матч бүгін өтіп, 2:1 есебімен Манчестер Сити ағылшын премьер-лигасы аясындағы басты қарсыласынан басым түскен еді.

Головкин-Брук шайқасы Астана уақытымен сағат 03:30 да басталады. Қазіргі таңда басты жекпе-жекке дейінгі бұл андеркарттағы кездесулер өткізілуде. Бұған дейін Гена аталмыш жекпе-жек барысында төрешілер шешімі қажет болады деп ойламайтынын айтқан еді. Сондай-ақ, әйгілі футболшы Златан Ибрагимовичтің Головкинге жанкүйер болуы үшін бокс кешіне арнайы баратындығы айтылған еді.

Айта кеткен жөн, соңғы салмақ өлшеу рәсімінде Головкин Бруктан жеңілірек болып шықты. Қазақстандық боксшының салмағы 158,9 фунт (72 келі 158 грамм), ал британдық боксшы 159,4 фунт (72 келі 302 грамм) тартты. Осылайша, екі боксшы да 160 фунтқа дейінгі орта салмақ лимитіне жатады.

Талқылау