Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Гипнозға түскендей болдым": Қарағандылық әйел 12 миллион теңгесін балгерге қалай бергенін білмей қалған

Қарағандылық әйел 12 миллион теңгеден астам қаражатын интернет балгерге берген. Желідегі алаяқтықты Қарағанды полициясы тергеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп хабарлайды.

“Әлеуметтік желіде маған жазды. Сізде дуа бар, оны алу керек, карталарды ашып қойдым. Мен гипнозға түскендей болдым. Басыма тапанша кезегендей сезім болды”, – дейді жәбірленуші Ольга.

Ольга шашы ағарып, ұйқысыздыққа душар болғанын, дәріге тәуелді болып қалғанын айтады. Әлеуметтік желідегі алаяқтың парақшасында әйелдің суреті тұрған, бірақ телефон арқылы хабарласқанда ол өзін Ахмет деп таныстырған. Екі жарым ай бойы ол Ольганы ақша аудармаса, туыстары ауырып қалады деп қорқытқан. Жалпы алғанда 12 миллион 266 мың теңге шығарып алған. 

Қазір әйел қорқынышта өмір сүреді, тіпті ақшасының бәрін басқа біреуге беріп қойғанына таң. Полицияның айтуынша, 23 жастағы күдікті бұрын ұрлық үшін сотталған, қазір ол тергеу изоляторында.

Киров полиция бөлімі бастығының орынбасары НОЯН Байғабылов әлеуметтік желілердің көмегімен жалған аккаунт ашқан, оны сатып алған. Аккаунт арқылы адамдарға сенім ұялатып, алдау арқылы осы қылмысты жасаған. Материалдық заттарды сатып алмаған, ақшаны өзіне, таныстарына құртқан. 

Талқылау