Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германияда тұрғындар жаңбыр суына да салық төлеуге мәжбүр

Германияда тұрғындардың басым бөлігі жаңбыр суына салық төлейді. Жылына шамамен төлем мөлшері 150-190 евроны құрайды. Бұл теңгеге шаққанда 70-90 мың аралығында деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: pixabay

Германия тұрғындарының жартысынан көбі жаңбыр суы үшін де салық төлейді. Бұл негізінен коммуналдық алым болып есептеледі. Көбіне мұны жауын-шашын зиян келтіруі мүмкін аймақтардағы жеке секторлардың немесе көпқабатты тұрғын үйдің иелері төлейді. Өйткені жауған су бірден жерге сіңіп кете алмайды, ал асфальтты жерлерде тіпті мүмкін емес. Сол себепті де бұл суды кәрізбен ағызады. Тұрғындар осы үшін қомақты ақша төлейді. 

Орташа есеппен әр үй иесі бұл төлем үшін 150-190 евро шамасында ақша аударады. Бір қызығы, бұған ешқандай жеңілдік қарастырылмаған. 

Фото: ixbt.com

Төлемнің мөлшерін азайтудың бір ғана жолы бар. Ол – жеке үйіңізге жаңбыр суын жинақтайтын арнайы цистерналар орнату, терең шұңқыр қазу. Осылайша жиналған суды аулаңыздағы өсімдіктерді суаруға құюға болады. Болмаса үй шаруашылығындағы жуатын заттарыңызға жаратасыз.

Талқылау