Германия канцлері Шольцты Астанада қалай қарсы алды (видео)
Ақордада Германия канцлері Олаф Шольцты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Jibek Joly телеарнасы кездесуді тікелей эфирде көрсетті. 16 қыркүйекте Қазақстанға ресми сапармен Германия Федералды Канцлері Олаф Шольц келді. Оны Астана әуежайында премьер-министр Олжас Бектенов күтіп алды.
Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі
Шольц Астанаға Airbus A350 "Курт Шумахер" (соғыстан кейінгі Германиядағы социал-демократиялық партияның бірінші төрағасының атымен аталған) ұшағымен келді.
Еске салайық, бұған дейін Шольцтың Астанаға сапары аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер, сондай-ақ "Орталық Азия + Германия" форматында саммит өтетіні, соның аясында стратегиялық ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Сауда-экономикалық өзара іс-қимыл және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды қоса алғанда, кең ауқымды салалардағы серіктестік туралы айтылады.

"Декретке миллионмен" дауы: Курстың негізін қалаған депутат Дәулет Мұқаевқа тексеріс жүргізіле ме?
