Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Германия әскері соғысқа дайындалып жатыр: Еуропада шиеленіс күшейді

Германияның қорғаныс министрі Борис Писториус неміс әскері соғысқа дайын болу үшін қарулы күштерге құрылымдық реформа жүргізу жоспарын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі DW басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: РИА Новости

Қайта құрудың негізгі мақсаты – бундесвер бірыңғай жедел қолбасшылығын құру, оған төрт әскер – құрлық әскері, әуе күштері, әскери-теңіз күштері және кибер және ақпараттық қорғаныс әскері бағынады.

Әскердің жаңа, төртінші түрі жалған ақпарат науқандарымен күреседі және бундесвер желілерін хакерлік шабуылдардан қорғайды. Сонымен қатар, санитариялық және логистикалық бөлімшелерді басқаратын көмекші қолбасшылық құрылады.

"Реформаның мақсаты – бундесверді төтенше жағдай, қорғаныс және соғыс қажет болған жағдайда да дайын тұратындай етіп қайта құру", – деді Писториус.

Сонымен бірге ол Еуропадағы шиеленіс артқанын атап өтіп, бундесверді соғысқа дайындау маңызды екенін айтты. Ешкімнің миына “НАТО аумағына шабуыл жасау” туралы ой келмес үшін Германия мен оның одақтастары сенімділікті қамтамасыз етуі керек, деп қосты Писториус. Оның айтуынша, аса маңызды шешімдер "алдағы айларда" іске асырылуы тиіс.

Айта кетейік, Соғысты зерттеу институты Ресейдің бірқатар қаржылық, экономикалық және әскери көрсеткіштерін талдап, олар НАТО-мен үлкен қақтығысқа дайындалып жатқанын жеткізген еді. 

Сараптама орталығы қақтығыс жақын арада болмайтынын, бірақ кейбір батыс сарапшылары бастапқыда ойлағаннан ертерек болуы мүмкін екенін ескертті. 

Сонымен бірге ресейлік әскерилер Украинадағы соғыспен бір мезгілде күресу және НАТО-мен болуы мүмкін қақтығысқа дайындық кезінде Ресейдің ұзақ мерзімді мүмкіндіктерін кеңейту үшін құрылымдық реформаларды жүзеге асыруды жалғастырып жатыр

Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресей әскерилері 2024 жылдың соңына дейін екі құрама қарулы армия мен 14 дивизия, сондай-ақ 16 бригада құруды жоспарлап отырғанын айтты.

Талқылау