Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғазизхан екі әйелі жайлы клип түсіргенін жайып салды

Әр туындысы өзгелерге ұқсамайтын Ғазизхан елді тағы да таңғалдырмақ. Әріптестері бір әйелін көрсетіп жарысқа түсіп жатқанда, Шекербеков кезекті бейнебаянын екі бірдей келіншегіне арнамақ.

Ғазизхан Шекербеков

Бұл туралы Stan.kz "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Қыздар мен әйелдер қауымына онша ұнай қоймас. Себебі менің бейнебаяным екі келіншегім жайлы болмақ.
Жұрттың бәрін маған қаратып қойып бомба жасау оңай. Бейнебаянды әсіресе, еркектер қауымы қолдайтын шығар деп үміттенемін", - дейді Ғазизхан.

Иә, Шекербеков осылай деп ағынан жарылды. Алайда ол шын мәнінде тоқал алды ма, әлде тек бейнебаян желісіне өзекті тақырыпты арқау етті ме, ол жағы әзірге белгісіз. 

Бір анығы, Ғазизхан өзі композитор бола тұра ән сатып алған. Ән шығарудан қолы босамай ма, әлде концерттер көп пе, ол жағы белгісіз.

"Соңғы кезде 1-2 ән сатып алдым. Олар маған сатты дей алмаймын. Саған келетін сияқты деп ұсынды. Бірақ өзім де композитор болғаннан кейін, студияда отырғаннан кейін білемін, қаламақысын міндетті түрде бердім", - дейді Ғазизхан.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау