Газа секторындағы ауруханаға жасалған соққыға Израильдің қатысы жоқ – Джо Байден
АҚШ президенті Джо Байден Газа секторындағы ауруханаға жасалған соққыға Израильдің қатысы жоқ деп мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Associated Press сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Израильге сапары кезінде Джо Байден АҚШ Израиль билігін қолдайтынын айтты.
АҚШ президенті ауруханаға соққы берген Израиль емес, екінші тарап деді. Алайда неге мұндай қорытынды шығарғанын нақтылаған жоқ. Бұл ұстанымды Израильдің Қазақстандағы елшілігі де ресми түрде білдірді.
Байден ХАМАС қозғалысы Палестина халқының мүдделерін білдірмейтінін және бейбіт тұрғындарға тек азап әкелгенін атап өтті. Сонымен бірге АҚШ президенті мұны "өркениет күштері мен варварлық күштер" арасындағы қақтығыс деп атады.
"Өркениетті әлем ХАМАСТЫ жеңу үшін бірігуі керек", – деді Джо Байден.
Джо Байден Израильге барғаннан кейін араб елдерінің басшыларымен кездесу үшін Иорданияға баруды жоспарлады, бірақ ауруханадағы жағдайдан соң саммит тоқтатылды.
Қазақстанда жалдамалы пәтер бағалары шарықтады: Маман оған не себеп болғанын айтты
Екі бөлмелі пәтерлердің орташа жалдау ақысы 19 қалада көбейді
Елдегі жалғыз ұлттық мектеп оқу жылын директорсыз бастады: Ұжым білім ордасында мәселенің шешілмей жатқанына наразы
“Абай ұлттық мектебі” – елде ұлттық дәрежесін алған жалғыз білім ордасы