Ғалымдар көзілдірік тағатын жандардың білімді келетінін анықтады
Германияның Майнц унверситетінің мамандары зерттеу жүргізіп, көзілдірік тағатын жандардың ақылды келетінін анықтады. Көз маманына келетін науқастардың көбі білімді келеді.

Европада 40 жастан асқан әрбір екінші адамның көзі нашар көреді. Зерттеуге 3452 адам қатысты. Алдымен олардың көз жанары тексеріліп, соңынан арнайы медициналық тест алынды.
Нәтижесінде олардың білімі жоғары екенін анықталды. Соған қарап, ғалымдар адамдардың уақыт өткен сайын білуге ұмтылып, кітап көп оқығаннан көз жанары нашарлай беретінін, ал керісінше білімі тоғыса беретінін айтады.
Бүгінде әлем бойынша 285 миллион адамның көз жанары жақсы көрмейді. Дәрігерлер мұны көп адамның көз жанары нашарлай бастаған алғашқы уақыттан бастап қөз маманына қарала бермейтіндігімен байланыстырады.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен