Ғалымдар Pfizer вакцинасының "Омикрон" штамына қарсы күші төмен екенін анықтады
Ғалымдар Pfizer препаратымен вакцинацияланған адамдардың жаңа COVID-19 мутациясына қарсы иммундық реакциясын зерттеп, бұл вакцинаның алдыңғы штамдармен салыстырғанда “Омикронға” қарсы күші 32 есе аз екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Гонконгта коронавирус инфекциясының жаңа штамын жұқтырған 5 науқас анықталған. Олардың үшеуі Ұлыбританиядан келген, екеуі Филиппинде болған.
Жергілікті ғалымдар бір ай бұрын Pfizer препаратымен вакциналанған адамдардың жаңа COVID-19 мутациясына қарсы иммундық реакциясын зерттеді. Нәтижесінде 10 адамға жүргізілген зерттеу бойынша бұл вакцинаның алдыңғы штамдармен салыстырғанда “Омикронға” қарсы күші 32 есе аз екені белгілі болды. Сарапшылар әлі де қосымша зерттеулердің қажет екендігін ескертті. Сондай-ақ үдеткіш дозаларды алған адамдарды тексеру жоспарланған.
Дегенмен ғалымдар вакциналардың COVID-19 ауруының ауыр зардаптарынан және өлім-жітімнен қорғауға қабілетті екенін еске салады.
"Еркекке айналып, жас қыздармен қатынасқа түседі": Қазақстандық әйелдер түрмедегі былықтарды жайып салды
"Түрме - осы өмірдегі тозақ"
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды