AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хот-дог 36 минут өмірді қысқартады: Ғалымдар қай тағамдардың адам өміріне қауіпті екенін айтты

Мичиган университетінің ғалымдары қай тамақ өнімдерінің адам өмірін ұзартатынын немесе қысқартатынын анықтап білді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Мамандар стандартталған есептеу жүйесін құрып, оның көмегімен 6000-нан астам тағам мен өнім түрлерін бағалады. 

"Біз шұжықтың әр граммының орташа есеппен адам өмірінің 27 секундын қысқартатынын анықтадық", – делінген мақалада.

Мысалы, басқа факторларды ескере отырып, бір хот-дог өміріміздің 36 минутын азайтса, ал онымен ішетін кола  – 12,5 минут өмірді қысқартады дейді ғалымдар. Сондай-ақ қызыл етті пайдалану да теріс әсер етеді.

Дегенмен, өмірді ұзартатын пайдалы өнімдер де жетерлік. Есептеу көрсеткендей, жаңғақтың бір порциясы өмірімізге 26 минут қосса, ал арқан балық (ласось) – 16 минут өмірімізді ұзартады. Сонымен қатар пайдалы өнімдерге бұршақ дақылдары, жемістер мен көкөністер жатады.

Өндіріс және сақтау әдістері арқылы өнімдердің қоршаған ортаға әсерін ескеретін есептеулер негізінде сарапшылар балық пен өсімдік тағамдарын тұтынуды көбейтуді ұсынды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр