Ғаламторда қазақстандық педофилдер жайлы мәліметтер мен суреттері пайда болды
Ағымдағы жылдың басынан бері кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдарды есепке алу және олар туралы мәліметтерді жариялау енгізілді, делінген ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің баспасөз қызметінен.

«Бұл мәліметтер Комитеттің https://infopublic.pravstat.kz порталында қылмыскерлер туралы деректер (фото, Т.А.Ә., туған күні, тұрғылықты мекен-жайы және соттылығы туралы мәліметтер) көрсетілетін электрондық карта түріндегі «Геоақпараттық жүйелер» бөлімінде қолжетімді», – делінген дүйсенбідегі бақылау ведомствосының ресми сайтындағы хабарда.
«Осы ақпарат сізге өзіңізді және балаларыңызды ықтимал қауіптен қорғауға көмектеседі. Осыған ұқсас карталар бірқатар шетелдерде де бар», – делінген баспасөз қызметінде.
Құқық қорғау органдарының назарына іліккен педофилдердің орналасқан жерін бақылау жаңа қылмыс жағдайларының алдын алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, елбасы Нұрсұлтан Назарбаев педофилдерді піштіруге рұқсат беретін заңға қол қойған еді.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады