Ең нашар шаңғышы атанған спортшы қарды чемпионат басталар алдында ғана алғаш көрген (видео)
Финляндиядағы Лахти қаласындағы әлем чемпионатында жарыс жолына Венесуэладан келген шаңғышы Адриан Солано да шыққан болатын. Ол шыға сала “ғаламшардың ең нашар шаңғышысы” атанды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Соңынан белгілі болғандай, ол өмірінде қарды бәсеке басталар алдында, бес сағат бұрын ғана көрген. Бұған дейін Венесуэлада роликті шаңғымен ғана жаттыққан. Ол Финляндияға ертерек келуге әрекет жасаған, бірақ Парижде басқа ұшаққа отырар алдында оның қалтасында 20 еуро ғана қалады.
Адриан Соланоның шаңғы жарысына бар жатқандығына ешкім сенбей,оны Венсуэлаға қайтарып жіберген. Нәтижесінде жолға шығуына ақшасы болмаған жігітке интернет арқылы қаржы жинап берген. Финляндияға Солано тура чемпионат басталар алдында ұшып келді. Ол небәрі 10 шақырымға да жете алмай, жарыс жолынан шығып қалды.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"