Футбол әлемінде тағы бір қайғылы жағдай орын алды
Фото:Getty sports
"Штутгарт" клубының түлегі, неміс футболшысы Себастьян Хертнер Черногориядағы тау шаңғысы курортында қаза тапты.Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол әйелімен бірге демалыс кезінде шаңғы тебуге берген.
Алайда көтергіш жүйесінде қарама-қарсы келе жатқан екі орындықтың соқтығысып апат болып, футболшы шамамен 70 метр биіктіктен құлап кеткен. Ол алған ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Марқұмның жұбайы орындыққа қысылып қалып, түрлі дене жарақатын алған. Құтқарушылар оны дер кезінде құтқарып, медициналық көмек көрсетті.
Қайғылы оқиға 20 желтоқсанда Савин-Кук (Дурмитор) шыңында болған.
Себастьян Хертнер – "Штутгарт" клубының түлегі. Кәсіби мансабында Германияның екінші Бундеслигасында "Эрцгебирге", "Дармштадт" және "Мюнхен 1860" клубтарында өнер көрсетті. Сондай-ақ Германияның жасөспірімдер құрамасы сапында 19 матч өткізген.
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі

