Франция Мәскеудегі терактіден соң лаңкестік қауіптің жоғары деңгейін енгізді
Франция үкіметі “Крокус сити холлда” жұма күні болған терактіден кейін елге төніп тұрған ықтимал қауіпке байланысты елдің ұлттық террорлық дабыл жүйесінің ең жоғары деңгейін іске қосу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Францияның премьер-министрі Габриэль Атталь ел президенті Эммануэль Макронның Мәскеудегі терактіден кейін жексенбі күні кешке Елисей сарайында қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңес өткізгенін жазды
"ДАИШ тарапынан болуы мүмкін шабуыл мен елімізге төніп тұрған қауіпті ескере отырып, біз Вигипират деңгейін ең жоғары деңгейге дейін көтеру туралы шешім қабылдадық, өйткені шабуыл қаупі өте жоғары", – деп жазды Г. Атталь.
Еске салайық, бұған дейін Мәскеудегі "Крокус сити холлда" қанды қырғын ұйымдастырғандар Орталық Азияда тағы да теракт жасамақ болғаны туралы хабарлаған едік.
Алтын мен әшекей бұйымдарды қалай ажыратуға болады: Зергер көпшілік біле бермейтін белгілерді атады
Алтынның шынайылығын тек түсіне, жылтырына немесе салмағына қарап анықтау дұрыс емес
19 жастағы Аяжан Еділова қалай қаза тапты: Бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қылмыстың хронологиясы
Аяжан Еділова бар болғаны 19 жасында кісі қолынан қаза тапты