Франция-Марокко: Футболдан әлем чемпионатының жартылай финалына өткен алғашқы құрама анықталды

АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы стадионда футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалдық матчы өтіп, Франция мен Марокко құрамалары кездесу өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Франция құрамасы Марокконы 2:0 есебімен жеңіп, 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алғашқы жартылай финалисі атанды. Жеңімпаздар сапынан Килиан Мбаппе мен Усман Дембеле бір-бір голдан соқты.
Бұл Мбаппенің турнирдегі сегізінші голы болды. Осылайша ол үздік сұрмергендер тізімінде Лионель Мессимен теңесті.
Жартылай финалда Франция Испания – Бельгия жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Бұған дейін француздар:
1/16 финалда Швецияны 3:0 есебімен жеңді;
1/8 финалда Парагвайды 1:0 есебімен ұтты.
Ал Марокко құрамасы:
1/16 финалда Нидерландты пенальти сериясында жеңді;
1/8 финалда Канаданы 3:0 есебімен ойсырата ұтқан еді.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнирдің финалдық матчы 19 шілдеде АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласында өтеді
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Оқыңыз