Фируза Шарипова әлемнің абсолютті чемпионымен жекпе-жек өткізеді
Қазақстандық боксшы Фируза Шарипова (14-1, 8 КО) 11 желтоқсанда жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы әлемнің абсолютті чемпионы Кэти Тэйлор (19-0, 6 КО) болмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

10 раундқа жоспарланған жұдырықтасу Ливерпульде өтеді.
36 жастағы Тэйлор – 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада және 5 дүркін әлем чемпоны. Еуропа және Еуроодақ чемпионаттарында бірнеше рет алтын медаль жеңген. Ол боксшы WBA, WBC, IBF, WBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерін қорғайды.
Қыркүйекте өткен жекпе-жегінде Тэйлор америкалық боксшы Дженнифер Хэнді (18-4-1, 1 КО) жеңіп, чемпиондық атағын қорғаған.
27 жастағы Шарипова соңғы кездесуінде муай-тайдан әлем чемпионы ресейлік Любовь Белякованы жеңген еді.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық