Филиппинде балықшы $100 миллионның маржанын бағасын білмей 10 жыл сақтаған
Филиппинде балықшы тауып алған маржанның бағасын білмегендіктен, оны он жыл бойы кереуетінің астында ұстаған. Теңіз маржанының салмағы 34 келі. Оны қазір зергерлер 100 миллион АҚШ долларына бағалаған. Балықшы маржанның бағасы қымбат боларын білгенімен мұншалықты деп ойламаған,-деп жазды ABS CBN

Балықшы ұлу қабыршағын 2006 жылы тауып алған. Оны үйіне әкеліп кереуетінің астына тығып, сақтап қояды. Қабыршақ шын мәнінде теңіз маржаны болып шықты.

Балықшы бұл тасты әдейі тығып қойып, кейіннен көпшілікке көрсетуді де жоспарламаған. Оның үйі өртенген кезде танысына маржанды көрсетеді. Ол өз кезегінде мұның айтарлықтай қаржы тұратынын түсіндірген.
Балықшының маржанын зергерлер 100 миллион долларға бағалағанымен Филиппин билігі оны сатуға ниетті емес. Саяхатшылар тамашалайтын орынға қойып қоймақшы.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"