Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еврейлердің жаппай кездесуін ұйымдастырған Rixos қонақүйінің әкімшілігіне айыппұл салынды

Алматыдағы Rixos қонақүйінің әкімшілігіне раввиндердің жаппай кездесуін ұйымдастырғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Rixos қонақүйінің әкімшілігіне жаппай жиналыс өткізуді ұйымдастырғаны және өткізетін орын ұсынғаны үшін 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынды. Ол, сондай-ақ раввиндердің Алматыға бір күнге ғана ұшып келгенін атап өтті.

"Қазіргі таңда жұмыстар әлі жалғасуда. Тексеру прокуратураның рұқсатынан кейін жүргізілетін болады және анықталған іске қатысы барлардың барлығы жазаланады", – деді ол өткен брифингте.

Бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев тікелей эфир барысында Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшинге еврей қоғамдастығының жиналысы өткен Rixos қонақүйіне айыппұл салынбағанын айтып, нақты әрекет талап еткен болатын.

Сонда Бекшин бұзушылықты растайтын барлық есептер мониторингтік топтан күтілетінін түсіндірген. Өз кезегінде әкім әлеуметтік желілерде және барлық бұқаралық ақпарат құралдарында карантиндік режимнің бұзылуын анық көрсететін бейнематериалдар мен фотолар жарияланғанын айтты.

"Растайтын құжаттар БАҚ-та жарияланды. Сізге тағы не керек?", – деген еді әкім Бекшинге.

"Факт айқын, шешім қабылдау керек. Онда тағы не дәлелдеу керек? Барлығы біледі", – деді Сағынтаев. 

Талқылау