Еуроодақтағы алғашқы ел қазақстандық вакцинация паспорттарын мойындады
Венгрия Еуропалық одақтағы Қазақстанның вакцинация паспортын мойындаған алғашқы ел болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Венгрияның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінде Қазақстан елшісі Жәнібек Әбдірашов мемлекеттік хатшының орынбасары Андраш Баранимен кездесті. Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы вакцинациялау сертификаттарын/паспорттарын өзара тану туралы ауызша ноталармен алмасты.
Иммундау сертификаты болған жағдайда екі елдің азаматтарына Covid-19 таралуын болдырмауға бағытталған шектеу шараларынсыз (ПТР-тест және карантин) Қазақстанға және Венгрияға кіруге рұқсат етілген.
“Вакцинация паспорттарын өзара тану – Будапешт пен Нұр-Сұлтан арасындағы шекараны ашу және тікелей әуе қатынасын қалпына келтірудің маңызды қадамдарының бірі”, – деп атап өтті Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.
Қазақстанда қарыз алушы қайтыс болса, оның банктегі несиесін кім өтейді?
Мұрагерлер қандай жағдайда қарызды өтеуге міндетті және ипотекадағы пәтердің тағдыры қалай шешіледі
Бензин құйғаннан кейін көлігі бұзылған қазақстандық шығынға батса да, өтемақы ала алмады
Сапасыз бензиннен көлік бұзылса, шығынды кім өтейді?