AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді көздеп отыр

Еурокомиссия Ресейге қарсы санкциялардың жетінші пакетін енгізуге ниетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еурокомиссия жұма күні, 15 шілдеде бекітуді жоспарлап отырған пакет жобасында ресейлік алтынның Еуроодаққа импортына тыйым салу бар. Бір дереккөз бұл шешімнің Ресейден үшінші елдер арқылы өтетін алтын импортына да әсер ететінін айтты.

Сонымен қатар, Брюссель әскери мақсатта пайдалануға болатын тауарларға, соның ішінде химиялық заттар мен жабдықтарға жаңа импорттық шектеулер енгізу арқылы қолданыстағы шараларды күшейте түседі деп күтілуде.

Кремльге жақын деп саналатын жеке тұлғалар мен ұйымдар да Еуроодақтың қара тізіміне қосылады, бұл олардың активтерін бұғаттап, саяхат жасауға тыйым салады. 

Бұған дейін Еуроодақ Ресейге қарсы алтыншы санкциялар пакетін енгізген болатын.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр