Еуро бағамы 20 жылда алғаш рет доллармен теңесті
Еуро мен доллар соңғы 20 жылда алғаш рет теңесті. Биыл бірыңғай еуропалық валюта бағамы доллармен салыстырғанда 14%-ға, ал 2021 жылдың маусымымен салыстырғанда 17,8%-ға арзандады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мәскеу қор нарығында еуроның рубльге шаққандағы бағамы доллардан да төмендеп кеткен.
Еуропа валютасының арзандауына экономикалық құлдырауға байланысты алаңдаушылық себеп болып отыр. Сонымен қатар нарыққа Ресейден келетін газ да әсер еткен.
Қазір трейдерлер жазғы жөндеу жұмыстары аяқталған соң Ресей "Северный поток-1" газ құбырын мүлде қоспауы мүмкін деп алаңдайды.
Ал доллар инфляциямен күресу кезіндегі АҚШ Федералды қор жүйесі ұстанған қатаң саясатының негізінде нығайып келеді.
"Әліби, өмір сүр!": Тоқалымен көңіл жарастырған жігітті кәсіпкер Қайрат Жамалиев қалай азаптады
Екі ер адамның арасындағы жанжалдың себебі – кәсіпкердің көңілдесі Айнұр Исина
Алматы мен оның маңында 70 мың ағаш құлады: 2011 жылғы жойқын дауылдың қандай салдарын қала әлі күнге дейін сезіп отыр
Медеу мен оған жақын шатқалдарда мұндай күшті дауыл соңғы 100–200 жылда тіркелмеген