AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %
AAPL
148.56 $
1.79 %
TSLA
643.38 $
-5.55 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
8.81 %
FB
369.79 $
22.84 %
FRHC
65.1 $
2.48 %

"Ет алуға шама жоқ": Қызылорда облысында көше тазалаушылар наразылық білдірді

Қызылорда облысында ең төменгі жалақы 42500 теңгеге жұмыс істеп жатқан көше тазалаушылар  наразылық білдірді. Олар қымбатшылықта мұндай табыспен күнелту мүмкін болмай барады дейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тұрғындар киім-кешек тұрмақ, азық-түлік алудан да қалдық дейді. Аядай ғана баспана ішінде үстінде нан мен қара шәйден басқа ештеңе жоқ жұтаң дастарқан.

Жаңақорған ауданында көше тазалаушы болып жұмыс істейтін Рахия Хайдарова соңғы кездердегі қымбатшылықтан тәтті-дәмді, құнарлы тағам жеу арманға айналып барады дейді.

Жасы үлкейгендіктен жақсы айлық беретін жұмысқа қабылдай қоймайтынын айтады. Сондықтан жалғызбасты ана балаларын асыраймын деп көше тазалап күн көріп жүр. Айтуынша, ол үшін төленетін 42500 теңгеден зейнетақы қорының ақшасы алынса, қолына тек 37 мың теңгедей ғана жалақы түседі.

“Құнарлы тамақ жегіміз келеді, ет жегіміз келеді. 37 мыңды тек картоп, сәбіздерге ғана жеткізе аламыз. Кішкентай азық-түлікке жетеді. Ет алуға шама жоқ. Бір айлық екі рет магазинге барсаң таусылады”, – дейді ол.

Ал көше тазалаушысына төленетін 37 мың теңге қазіргі кезде бір жанұяның бір айға алатын азық-түлігінің өзіне әзер жетеді. Өйткені Қызылорданың базарында 50 келі ұнның бағасы 8 мың теңге. Ал күнбағыс майының 5 литрі 4 мыңнан сатылып жатыр. Бір қап картоп 9000 мың теңге шамасында, ал сәбіз бен пияздың 10 келісі 6 мың теңге тұрады. Және 10 килограмм рожки мен күріштің бағасы 7 мың теңгеден.



Сонымен қоса 10 килограмм қант 3 мың теңге көлемінде. Қазір Жаңақорған ауданында көше тазалаушы болып жұмыс істеп жатқан 40 тұрғын бар. Олар осынша көлемдегі азық-түліктен басқаға ақша таппай қаламыз дейді. Сондықтан қарызға белшеден батып күнелтіп жатқандарын айтады. Күннің ыстық, суығына қарамай аудан орталығының бүкіл қоқысын тазалау мойнымызға артылғандықтан жалақымызды соған сай төлесін деп талап қойып отыр.

“Айлығымызды көтеріп берсін. Масқара ғой мынау. 37 мыңмен қалай өмір сүресің? Бір аптаға жеткізерсің, одан артық жетпейді. Болмағаннан кейін бутылка жинаймыз, сөздің шыны”, – дейді Айсұлу Қарабалаева.

Ал жұмыссыздықтың кесірінен қос қолға бір күрек ұстаған жандардың жалақысына жауапты жұмыспен қамту орталығындағылар көше тазалушыларына төленетін ақшаның биыл көбеймейтінін айтады.

Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Жаңабек Тұрлыбеков жергілікті бюджеттен көтеруге ешқандай мүмкіндік жоқ.

“Жалақы мәселесін көтеру жөнінде, ол жергілікті бюджеттен бөліну керек.  Бұл жөнінде барлығы қарастырылып зерттелді”, – дейді ол.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр